Конституциялық сот төрағасының орынбасары тағайындалды

0
415

Бақыт Маратұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған.


Конституциялық сот төрағасының орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп жазады tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бақыт Маратұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің "Құқық арқылы демократия үшін" Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" және "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған.