Көпбалалы отбасыларға мамыр айынан бастап баспана беріледі - Роман Скляр

0
1 117

28 мың көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.


Көпбалалы отбасыларға мамыр айынан бастап баспана беріледі - Роман Скляр

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр көпбалалы отбасыларға жалдамады баспана таратудың мерзімін атады, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша 340 мың көпбалалы отбасы бар. Соның ішінде 28 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз жеті жылдың ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтерді салып отырамыз. Сөйтіп, 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер тұрғызылады. Сол кезде кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың баспана мәселесі толығымен шешіледі. Биыл мамыр айында біз көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерді беруді бастаймыз», - деді Р.Скляр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, соның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды.

«Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып, 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.