Көпқабатты үй тұрғыны қоқысты терезеден тастады

0
1 631

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған әйел адамға әкімшілік хаттама толтырылды


Көпқабатты үй тұрғыны қоқысты терезеден тастады

ERNUR.KZ. Астана тұрғындары көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған әйелдің әрекетіне наразылық білдіріп жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам қоқысты "Номад" тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан лақтырған.
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай 8 қыркүйекте болған.

"Жергілікті полиция қызметкерлері видеодағы әйелдің 54 жастағы екенін анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.