Қордайдағы қақтығыс: 5 адам ұсталды

0
1 117

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан.


Қордайдағы қақтығыс: 5 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Қордайдағы қақтығыс бойынша бес адам ұсталды, деп жазады тengrinews.kz.

"Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды. Екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл туралы БАҚ-тарда жазылды. Ал өрт шығарып, адам өлтіру деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп", - деді ол.

Оның айтуынша, күдіктілердің барлығы ұсталған жоқ.

"Видеоматериалдарды қарап жатырмыз, содан кейін ғана шешім қабылданады", - деді Дембаев.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.