Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

0
755

2020 жылдың 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.


Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. 2020 жылы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Қозыбақов Дәурен мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, ол 2020 жылдың 7 ақпанында Қордай ауданының Масанчи ауылында аңшылық мылтықпен төрт адамды өлтірді", - деді Қозыбақов ІІМ брифингінде.

Аңшылық мылтық тәркіленді, өзге ақпарат хабарланбады.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Ауқатты және Бұлан Батыр ауылдарында да қақтығыстар болды. Бұзақылар металл заттар, тас, атыс қаруын қолданды.