Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысқан бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды

0
876

Алматы қаласының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды


Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысқан бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталған азамат тергеу абақтысында қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"2020 жылдың 29 сәуірі таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында қамауға алынған Кибаев Бекбол Мұхамедұлы сол қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылды. Оны камерада бірге отырғандар тапқан", - делінген ақпаратта.
Оған изолятордың медицина қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткен, алайда өмірін сақтап қала алмады.
Шақырту бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді. Өлімнің алдын ала себебі көп қан жоғалту болуы мүмкін.
"Кибаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған болатын",- делінген ақпаратта.
Қайтыс болу дерегі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.