Мұндай деректерді қазақстандықтар әлеуметтік желілерде де айтып жатыр.
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға қарсы жүргізіліп жатқан рейдтерге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне полицейлер әскер жасындағы адамдарды ұстап, қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (әскери комиссариат) күштеп апарып жатқанын хабарлады. Мұндай деректерді қазақстандықтар әлеуметтік желілерде де айтып жатыр.
Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған.
Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан жағдайға қатысты пікір беруді сұрады.
"Бұл мақсаттар атқарушы билік органдарына жүкелетінінен бастайық - мерзімді әскери қызметке шақыру. Екіншіден: өз уақытында келмегендер (әскери комиссариаттарға - еск.), олар ішкі істер органдарының қызметкерлерімен іздестіріледі. Заң, Конституция бар. Ендеше орындайық", - деп жауап берді Жақсылықов.