Қорғаныс министрлігі Арыс пен Тараз маңындағы жарылыстан кейінгі оқ-дәрілер қайда жеткізілетінін айтты

0
960

Оған арнайы дайындалған орындар бар екені айтылды.


Қорғаныс министрлігі Арыс пен Тараз маңындағы жарылыстан кейінгі оқ-дәрілер қайда жеткізілетінін айтты

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Толық бағдарлама қабылданды, соған сәйкес құрылыс жүріп жатыр. Бұл мәселемен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысады. Менің ойымша, жұмыс кешенді түрде жүргізіледі. Үкімет тарапынан комиссия жұмыс істейді, оны вице-премьер басқарады. Жаңа қоймалар салынып, оларға оқ-дәрілер жеткізіледі", - деді Тұяқов мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Журналистер министр орынбасарынан Тараз маңындағы әскери бөлім оқ-дәрілері, оның ішінде Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстардан кейінгі оқ-дәрілер қайда жеткізілуі мүмкін екенін сұрады.

"Оған арнайы дайындалған орындар бар. Қазір сізге толық жауап бермеймін. (...) Әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөз немесе басқа. Бірнеше қойма бар. Нақты қанша, қайда екеніне жауап бермеймін", - деді Тұяқов.

Еске салайық, 2019 жылы маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болған еді.

Ал биыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалғанын айтып, Тараз тұрғындарын сабырға шақырды. Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған еді.