Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел мінген ұшақта 90 жолаушы болған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанға Миланнан коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге 90 адам ұшақта бірге ұшып келген. Олардың алтауы еліміздің өзге аймақтарына кетіп үлгерген, деп жазады тengrinews.kz.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеген.
"Ұшақта барлығы 90 жолаушы болған. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында 84 жолаушымен жұмыс жасалуда. Оның ішінде шетелдік азаматтар да бар. Олар Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келгендер. Қалған 6 жолаушы еліміздің өзге аймақтарына кеткен. Олармен сол аймақтардың өзі жұмыс жасап жатыр" - деді Қисықова.
Нұр-Сұлтан қаласында қалған 84 жолаушының ішінде шетелдік азаматтар бар.