Коронавирус: "Қызыл" статусы бар 165 адам карантин талабын бұзды

0
377

Енді олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Коронавирус:

ERNUR.KZ. Елімізде "Қызыл" статусы бар 165 адам карантин талабын бұзған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазір елде 2 мыңға жуық мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері 103 мыңнан аса рейд жүріп, 631 мыңға жуық нысанды тексерген. 17 мың кәсіпкер карантиндік талаптарды бұзған екен. Нәтижесінде 9 700-дей азаматқа 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. 310 материал сотқа жіберілді.