Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 науқас көз жұмды

0
479

Індетке шалдыққан 762 адамның жағдайы ауыр.


Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 науқас көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі 3 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 16 адам қайтыс болды.
ДСМ таратқан мәлімет бойынша, 44 374 адам коронавирус инфекциясынан (43 920 КВИ+ және 454 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 476 пациент стационарда, 28 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 762 адамның жағдайы ауыр,
• 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 1 мамырдағы мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 53 083;
өлім жағдайлары – 809;
барлығы 51 820 адам сауығып шықты.