Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 25 науқас көз жұмды

0
494

Індет жұқтырған 701 адамның жағдайы ауыр.


Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 25 науқас көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі 22 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте коронавирустан 22 адам қайтыс болды.
22 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 211 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 548 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 822 пациент стационарда ем алып жатса, 22 389 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 701 адамның жағдайы ауыр,
  • 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 мамырдағы мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 86 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
  • науқастар саны – 54 605;
  • барлығы 50 722 адам сауығып шықты.