236 адамның жағдайы ауыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан 9 адам қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz
Қайтыс болғандар арасында 5 адамда коронавирус, 4 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.
26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 711 адам коронавирус инфекциясынан (15 616 КВИ+ және 2 095 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
2 759 пациент стационарда,
15 952 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
236 адамның жағдайы ауыр,
63 пациенттің жағдайы өте ауыр,
50 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.