Коронавирус жұқтырған 406 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

0
507

72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Коронавирус жұқтырған 406 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 3,2 мың науқас стационарларда ем қабылдауын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 406 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ведомство ақпаратында.

Мәлім етілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша мәліметтерді күн сайын жариялап отырады. Статистикада – бір тәуліктегі мәліметтер, ПТР-тестілеу оң және теріс нәтиже көрсеткен науқастардың жалпы саны және өлім-жітім жағдайлары көрсетіледі. Барлық ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады.