Коронавирусқа қарсы ең тиімді антисептик Қазақстанда өндірілетін болып шықты

0
863

Ол антисептик вирусты 26 секунд ішінде өлтіруге қауқарлы.


Коронавирусқа қарсы ең тиімді антисептик Қазақстанда өндірілетін болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанда дезинфекция құралдарын шығаратын «Goldman & Young» зауыты ТМД елдері арасында алғаш болып антисептиктердің тиімді екенін дәлелдейтін лабораториялық зерттеуге қол жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәлірек айтса, коронавирус инфекциясына қарсы жасалған «Concept Surface» атты деинфекция құралы мен «Таза қол» атты антисептиктің тиімді екені дәлелденген. Қытай Халық Республикасындағы Fuda Testing Group халықаралық зерттеу лабораториясы осындай қорытынды жасап отыр.

Лабораторияда жасалған зерттеу «Таза қол» атты антисептикті пайдаланғаннан соң 26 секунд ішінде қолдағы вирус пен «Concept Surface» тазалық құралын пайдаланғаннан кейін, 15 минут ішінде заттардағы вирустың 99,9 пайызы өлетінін дәлелдеген.

Енді қазақстандық зауыт өз өнімдерін Ресей Федерациясына эскпорттамақшы.