Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирустан 2 446 науқас, пневмониядан 547 адам қайтыс болды.
Коронавирус және ковид пневмониясынан қайтыс болған қазақстандықтар саны күрт өсті. Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам, пневмониядан 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Соңғы аптада дәрігерлер екі аурудан тәулігіне 5-тен 15-ке дейін өлім жағдайын тіркеді.
Қазақстанда пандемия басынан бері коронавирустан 2 446 науқас, пневмониядан 547 адам қайтыс болды.
Сондай-ақ пневмония бойынша статистика жаңарды. Тәулігіне 131 адамның ауырғаны белгілі болды. Ал 1 тамыздан бері 47 115 адам ауырып, 34 925 науқас жазылды.