Коронавирустың жаңа штаммын қайта жұқтыру дерегі тіркелді - ДДСҰ

0
2 468

Жаңа штамм 86 елде анықталған.


Коронавирустың жаңа штаммын қайта жұқтыру дерегі тіркелді - ДДСҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына коронавирустың жаңа штамымен екінші рет ауырып жатқандар туралы мәліметтер келіп жатыр. Бұл туралы ДДҰ-дың бас ғылыми маманы Сумия Сваминатан мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, вирусты бұрын жұқтырып, ағзасында антидене қалыптасқан адамдар коронавирустың жаңа штамын жұқтыруда. Сол себепті қазір вируспен ауырған науқастардың антиденесі қанша уақытқа жететіні зерттеліп жатыр екен.

Қазір SARS-CoV-2 жаңа штаммы таралып жатыр, қазірдің өзінде ол 86 елде анықталған.

Айта кету керек, әлемде 108 млн адам коронавирус жұқтырған, 2,3 млн науқас осы дерттен көз жұмды.