Оқиға Екібастұзда орын алған.
ERNUR.KZ. Екібастұз қаласының Королев көшесі, 92-ші үйде ер адам абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ер адам көрші балкон арқылы өз пәтерінің балконына кірмек болған. Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құлау салдарынан ер адам көз жұмған.