Қосшыда мас әке қызын досының үйінде ұмытып кеткен

0
842

Баланы Астанаға қайыр сұрауға алып кеткен.


Қосшыда мас әке қызын досының үйінде ұмытып кеткен

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Қосшы қаласында маскүнем әке қызын досының үйінде ұмытып кеткен. Танысы баланы ертіп Астанаға қайыр сұрауға кеткен, деп жазады stan.kz.

Қосшыда полицейлер мен еріктілер әкесі мас күйде досының үйінде тастап кеткен бес жасар қызды бірнеше сағат бойы іздеді. Баланың жоғалғаны туралы арыз Қосшы полиция бөліміне 19 қыркүйек күні сағат 16:55-те келіп түскен.

Полиция бөліміне ескерту берілді, баланың жоғалғаны туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды. Іздеуге еріктілер мен мүдделі азаматтар қосылды. Полицейлер іздеу шараларын Қосшы аумағында ғана емес, елордада да жүргізді.

Тәртіп сақшылары оқиға болған күні әкесі қызын ертіп досының үйіне барғанын, ол жерде бірге алкогольдік ішімдік ішкен соң, баланы бейтаныс адамның жанында ұмытып кеткенін және үйіне жалғыз оралғанын анықтады. Досы мас күйінде қызды ертіп, өзімен бірге Астанаға қайыр сұрауға алып кеткен.

Полицейлер бес сағат бойы іздеген қыз Қосшыдан табылды. Қызға заңсыз әрекеттер жасалмаған. Тергеу барысында полицейлер ер адамның тұрғылықты жері жоқ екенін, ол баланы ата-анасына қайтаруды жоспарлағанын анықтады.

"Қазіргі таңда қыздың ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабының 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасы профилактикалық бақылауға алынды.

Ер адамға қатысты да әкімшілік хаттамалар жасалып, бейімдеу орталығына орналастырылды. Полицейлер іздестіру шараларын аяқтағаннан кейін еріктілерге қамқорлықтары мен көмектері үшін алғыс білдірді", - делінген хабарламада.