Қостанай облысында 1000 домбырашы бір мезетте күй ойнады

0
1 288

Домбырашылар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындады.


Қостанай облысында 1000 домбырашы бір мезетте күй ойнады

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күні аталып өтілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күні мен елорда мерекесі қарсаңында түрлі рухани, бұқаралық іс-шаралар өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжиннің сөзіне қарағанда, мерекеге дайындық жұмыстары былтырдан басталған.

«Аудандағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіпкер Серік Қанафиннің демеушілігімен шағын футбол алаңы ашылды. Бұдан соң жастарға арналған шағын 8 пәтерлік үй пайдалануға берілді. Жастар жылына орай «Жастар саябағы» ашылды. Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде дарынды бір тауар музыкант Төкен Елтебаевты еске түсіруге арналған ғылыми конференция, ескерткіштің ашылуы және «Ұрпақ сабақтастығы» атты ұлт-аспаптар ансамблінің байқауы өткізілді», - деп ақпарат берді бөлім басшысы.

Ұлттық домбыра күнінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 1000 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Бұл бастаманы аудан әкімі Әмірхан Асанов көтерген. Домбырашылар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындады. Домбырашылар ауданның әр ауылынан келген. Аудандағы мереке эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен түйінделді.