Қостанай облысында 12 санитарлық бекет жұмысын бастады

0
505

Облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады.


Қостанай облысында 12 санитарлық бекет жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Қостанай облысында карантин шаралары қайта күшейді. Бүгін өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Санитарлық бекет орнатылған аумақтарға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды. Оның айтуынша, соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.

Осыған байланысты covid-19 ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады.

Облыстық полиция департаменті бастығы, генерал Бекет Аймағамбетов өңір басшысын сақтық шаралармен таныстырды. 9 қараша сағат 00.00-ден бастап өңірде 12 санитарлық бекет жұмысын бастады.

4 санитарлық бекет Қостанай облысының мемлекеттік шекарасында, тағы 4-еуі Қостанай қаласының периметрі бойынша қойылады. Қостанай ауданында – 4, Жітіқара ауданында –1 санитарлық бекет қойылды.

Әр санитарлық бекетте адамдардың, сондай-ақ көлік құралдарының кіруі мен шығуын бақыланады. Медицина қызметкерлері бекеттен өткен тұрғындардың дене температурасын тексереді.

Архимед Мұхамбетов полиция мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына сақтық шараларын мүлтіксіз қадағалауды тапсырды.

Қазір облыстағы 12 санитарлық бекетте 94 қызметкер кезекшілік атқарады, олар қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған7