Қостанай облысында 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балық табылды

0
850

Ежелгі балық Қашар тау-кен өңдеу кешенінің музейіне қойылады.


Қостанай облысында 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балық табылды

ERNUR.KZ. Рудный қаласының Қашар кентінде 20 млн жыл бұрын тіршілік еткен балықтың сүйегі табылды, деп хабарлайды almaty.tv.

Ежелгі заманда тіршілік еткен балық «Соколо-Сарыбай» кен байыту комбинатының Қашар карьерін өңдеу кезінде табылған. «Капитал Авто» мердігерлік компаниясының қызметкерлері экскаватормен қазып жатқанда ежелгі балықтың қаңқасын байқап қалған.

«Ертеректе бұл маңды мұхит суы басқан деген дерек бар. Балық түрлерінің тіршілік еткені мәлім. Бұған дейін де балықтардың тістерін, омыртқасы мен басқа да қалдықтарын тапқанбыз. Алайда балық сүйегінің толық күйінде табылуы бірінші рет болып отыр. Балықтың палеоген кезеңінде, шамамен 20 млн жыл бұрын тіршілік еткені анықталды», - дейді «Соколо-Сарыбай» кен байыту комбинатының бас геологы Николай Соломин.

Геологтың айтуынша, ежелгі балық Қашар тау-кен өңдеу кешенінің музейіне қойылады.