Күдіктілер зейнеткерді үркітіп-қорқытып, ақшасын тартып алмақ болған.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Нечаевка ауылында екі адам 80 жастағы зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен, деп жазады ҚазАқпарпат.
Бұл ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі де растап отыр.
Күдіктілер зейнеткерді үркітіп-қорқытып, ақшасын тартып алмақ болған. Осы кезде қария қарсылық көрсеткен, кейін олар үйді тастап шыққан.
«Жапа шеккен тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінген. Олар болса ағалы-інілі екі күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді» делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған вактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу (ҚР ҚК 192-бабы бойынша) жүріп жатыр.