Жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында мас жүргізуші ұсталған кезде орнын ауыстырып, жолаушы екенін айтқан, деп жазады tengrinews.kz.
25 қарашада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлік жүргізуге құқығы жоқ 34 жастағы ер адамды ұстады. Жүргізуші мас күйінде болған.
"Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзің жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылған. Жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.