Қостанай облысында ауыл тұрғындары жалақының аздығына шағымданды

0
821

Жалақының аздығы мен жұмыстың жоқтығынан көбі туған ауылын тастап кетуге мәжбүр.


Қостанай облысында ауыл тұрғындары жалақының аздығына шағымданды

Қостанай облысында ауыл тұрғындары жалақының аздығына шағымданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, ауыл тұрғындары жалақысы төмен және маусымдық жұмысқа орналасуға мәжбүр. Негізінен тұрғындар тапқан ақшасын азық-түлік пен мал азығына жұмсайды. Бірақ табыстың аздығынан қарыз алуға мәжбүр. Тәрбиеші Лиза Испанова шағын орталықта жұмыс істейді. Сонымен қатар, жергілікті мектепте кеңсе жұмысын жүргізеді. Осы жұмысына әйел 150 мың теңге алады. Жұбайы одан да аз жалақы алады.
"Күйеуім 60-70 мың, кейде 90 мың алады. Мерекеде жұмыс істегенде 90 мың алады. Басқа жерде жұмыс жоқ, сондықтан мектепте қыс мезгілінде от жағады. Отбасы осында, қайда барады. Басқа жерде жұмыс жоқ", - деді Лиза Испанова.
Жітіқара ауданының Приречное ауылында 330 адам тұрады. Оның 228-і, ресми деректер бойынша, экономикалық белсенді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жұмыс мәселесі күрделі. Әлеуметтік нысандарда 20 адам еңбек етеді. Әкім есептеріне сәйкес, округ аумағында бір ЖШС, 7 шаруа қожалығы және 11 жеке кәсіпкер бар. Бірақ бірнеше дүкеннен басқа, бизнес нысандары байқалмайды. Кейде азық-түлікті қарызға алуға тура келеді.
Приречныйда жұрт жұмыс таппай отырғанын жергілікті әкім де мойындап отыр. Ол Жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға үміт артатынын айтты.
"Бірақ несие алу үшін кепіл керек. Үйлер әбден ескірген. Олар 1960-жылдары салынған, 50-жылдары салынғандар да бар. Белгілі бір аумақтан алшақ орналасқаны қазір есептелген бағадан төмен. Ал бізде негізінен жылжымайтын мүлік ғана. Сондықтан бұл бағдарламалар бойынша белгілі бір проблема бар", - деді әкім Сергей Ходзинский.
Жалақының аздығы мен жұмыстың жоқтығынан көбі туған ауылын тастап кетуге мәжбүр. Ал қалғандары қарызға белшесінен батып отыр, дейді телеарна тілшілері.