Қостанай облысында киік етінен консерві шығарыла бастады

0
632

Киік еті Арқалықтағы «Торғай-Ет» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына жөнелтіледі.


Қостанай облысында киік етінен консерві шығарыла бастады

ERNUR.KZ. Киік еті Арқалық ет комбинатына өнеркәсіп мақсатында аулау бағдарламасы бойынша жеткізіле бастады, деп жазады inform.kz.

Жергілікті кәсіпорын бұл ақпаратты растап, консервіленген ет өндірісі арнайы рецепт бойынша жүзеге асырылатынын нақтылады.

Еске сала кетсек, аймақта Бетпақдала киіктерінің санын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр – олардың саны 20 есе өскен (26,2 мыңнан 745,3 мыңға дейін). Киік еті Арқалықтағы «Торғай-Ет» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына жөнелтіледі. Дала жануарының етін қабылдау мүдделі емес тұлғалардың көзінше жүргізіледі.