Қостанай облысында жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды

0
915

Бойжеткен жұмыстан шыққан соң жоғалып кеткен.


Қостанай облысында жоғалған 19 жастағы қыз өлі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жұмыстан шығып, үйіне оралмаған 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Евгения Казачук Денисовский ауданының Перелески ауылында жұмыстан шыққан соң жоғалып кеткен. Соңғы рет қызды 25 тамызда көрген. Мәйіт ол жұмыс істейтін кафеден 150 метрдей қашықтағы орман плантациясында табылған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Денисовский ауданы, Перелески ауылының 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Іздеуге полицейлер, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Жедел уәкілдер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейкі, бұған дейін Қостанай облысында 2002 жылғы Евгения Казачук жоғалып кеткені хабарлаған болатын. Іздестіру туралы ақпаратты "Дос" жедел-құтқару жасағының еріктілері таратты.