Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

0
563

Ер адамды 16 қазаннан бастап еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеген.


Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, деп хабарлайды Хабар24.

Ер адамды 16 қазаннан бастап еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеген. 26 жастағы Сабуги Абыев Қостанай облысының Құсмұрын кентінде үйінен шығып, сосын байланысқа шықпаған. Полицияға оның жоғалғаны туралы досының анасы хабарлаған. Бір айдан кейін кісі өлтірді деген күдікпен 23 және 29 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.


«Полиция 15 қазанда күдіктілер жәбірленушімен бірге алкоголь ішкенін анықтады. Ер адамдар арасында жанжал болған. Күдіктілердің бірі «ВАЗ-2107» автокөлігімен жәбірленушіні қасақана қағып кетіп, содан кейін олар мәйітті орманға шығарып, шұңқырға көмген», - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастыруда, сараптамалар тағайындалды.