Сәбиді тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмаған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені жергілікті зиратқа тастап кеткен әйел адамды іздестіруде, деп жазады kaz.nur.kz.
27 мамыр күні Жітіқара ауданының полиция бөліміне зираттан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Аталған факті қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі тізіліміне тіркелді. Сонымен қатар тиісті сараптама тағайындалған.
Сондай-ақ, құзырлы орган сәбиді тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмағанын атап өтті.
Қазіргі уақытта баланың анасын, сондай-ақ куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Әйел адам табылған жағдайда тергеу нәтижелеріне байланысты ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.