Қостанай облысының үш өңірінде төтенше жағдай жарияланды

0
699

Кеше түнде Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары Қостанай облысындағы 140-қа жуық адамды эвакуациялаған болатын.


Қостанай облысының үш өңірінде төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Қостанай облысына қарасты үш елді мекен: Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгін төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inform.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Амангелді ауылы су астында қалғанын жазған болатынбыз.

Ал, кеше түнде Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары Қостанай облысындағы 140-қа жуық адамды эвакуациялаған болатын.