Автокранды 49 жастағы жүргізуші басқарған.
ERNUR.KZ. Қостанайда 12 жастағы баланы кран қағып кетті. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиға Чернышевский көшесінде бүгін, 11 мамырда сағат 15.00 шамасында болған.
«Автокранды басқарып отырған 49 жастағы жүргізуші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісін немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.