Қостанайда аяздан дірілдеген құтқарушының видеосы пайда болды

0
583

Өңірде ауа температурасы -33 градус.


Қостанайда аяздан дірілдеген құтқарушының видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар Қостанайда ғимараттағы жарылыс салдарын қалай жойып, үйінді астынан адамдарды қалай шығарып жатқандарын айтып берді, деп жазады tengrinews.kz.

Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнынан екі адам табылып, дәрігерлерге тапсырылған. Үшінші жәбірленуші әлі ғимарат үйінділері астында жатыр, аяғы қысылған. Оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Минуттар санаулы, дейді құтқарушылар.

"Жұмыс өте қиын, мәселені үлкен көлемдегі техникамен шешу мүмкін емес. Куәгерлердің айтуынша, дәл сол жерде тағы үш адам бар. Бір уақытта үш ауданда техника және қолмен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.Бүгін Қостанайда күн аяз болып тұр. Синоптиктер мәліметінше, өңірде ауа температурасы 33 градус болса, ауа температурасы 40 градус аязға жеткендей сезіледі. Қатты аяз салдарынан жағдайға пікір берген құтқарушының дауысы дірілдеп, тыныс алуы қиындағаны байқалады.