Қостанайда денесінің 20 жері пышақталған адам өлімнен аман қалды

0
789

1 желтоқсан күні 28 жастағы күдікті қолға түсті.


Қостанайда денесінің 20 жері пышақталған адам өлімнен аман қалды

ERNUR.KZ. 27 қараша күні Қостанай қаласындағы кафелердің бірінде келушілер арасында жанжал шығып, артынша меймандардың біреуі денесінің 20 жерінен пышақталғаны белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл жағдайдың дәл менің отбасымда болғаны мен үшін ауыр тиді. Барлығы әділетті түрде шешілгенін қалаймын. 20 пышақ жарақаты бұл қол сілтейтін нәрсе емес, қылмыскерлер басқа адамдардың өміріне қастандық жасамауы тиіс!» - деп жазды ол.

Автордың сөзіне сенсек, оқиға Қостанай қаласындағы «Сарыкөл» дәмханасында болған.

«Әкем 20 пышақ жарақатын алды, маңызды ағзалары (бауыр, асқазан және өкпе) зақымданды. Қылмыскер болған жағдайдан кейін жедел жәрдем шақырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Әкеме күрделі операция жасалды, ары қарай ол реанимацияда жатты, қазір жалпы палатаға ауыстырылды», - деп жазды жәбірленушінің қызы.

Белгілі болғандай, қанды оқиғадан кейін зардап шегуші 30 қараша күні полицияға арыз жазған. Ал 1 желтоқсан күні 28 жастағы күдікті қолға түскен.

Осы оқиғаға қатысты Қостанай қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, Қостанай қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторында отыр. Таныстар арасындағы жанжал ішімдік ішу кезінде болғаны анықталды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.