Қостанайда кісі өлтіргені үшін сотталған соғыс ардагері түрмеден босатылды

0
1 110

Ол өзінің балдызына гантельмен және пышақпен соққы жасаған.


Қостанайда кісі өлтіргені үшін сотталған соғыс ардагері түрмеден босатылды

ERNUR.KZ. ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы соғыс ардагері, 94 жастағы Иван Сурковтың ісін қарады, деп жазады ҚазАқпарат.

И.Сурков өзінің балдызы, 80 жастағы Николай Давыдовқа гантельмен және пышақпен соққы жасаған. Осы қылмысы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кассация келесі негіздер бойынша сот үкімінің күшін жойды: Н. Давыдовтың Сурковқа өзі келіп, бір бөтелке арақ әкелгені, осыдан кейін барып жанжал шыққаны ескерілді. Ал бұл кезде Сурков сау болған. Осылайша, Сурков Давыдовқа соққы жасап, мұның арты өлімге әкеп соққан. Сурковтың жасы 94-те екені, денсаулық жағдайы (Екінші топтағы мүгедек, психикалық ауытқушылығы бар. Осыдан барып қылмыс жасаған), Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны, жауынгерлік наградаларының - 1 дәрежедегі Отан соғысының ордені мен 2 дәрежедегі Даңқ ордені, медалінің болуы, оны бас бостандығынан айырмау туралы ұжымдық хаттың келіп түсуі, жұмыс бойынша бұрынғы әріптестерінің жағымды мінездемесі назарға алынды.

Шешім шығару кезінде осы жағдайлар ескерілді. Осылайша, оған қылмысы бойынша барынша жеңіл жаза тағайындау - құзырлы мемлекеттік органның бақылауымен бас бостандығын шектеу жазасын беру әділетті әрі жеткілікті деген шешім шығарылды. Іс бойынша жазаны ауырлататын жағдайлардың жоқтығы анықталды. Жоғарғы сот осыған байланысты И.Сурковты тұтқыннан босатып, 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.