Қайтыс болған қыз 9 жаста болған.
ERNUR.KZ. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдени іс-шарасында кәмелетке толмаған қыздың қаза табуына қатысты қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Айыпталушы адамның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету шығарылған)», - деп хабарлады Ұзынкөл ауданының прокуратурасы.
Баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түсті.
Еске салсақ, өткен жылдың 25 тамызында Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жастағы қызды тоқ соққан болатын. Ол 12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды.