Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды

0
812

Құбырды қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған.


Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды

ERNUR.KZ. Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды, деп жазады stan.kz.

"Тәуелсіздік көшесі 105 мекенжайы маңында тозған құбырдың жарылуы туралы хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де түсті. Жөндеу жұмыстарына арнайы бригада қызметкерлері мен 3 техника жұмылдырылды. Осыған байланысты Тәуелсіздік көшесіндегі №105, 107 көпқабатты үйлер мен Халыққа қызмет көрсету орталығы және Козыбаев көшесіндегі № 96, 98 үйлер судан ажыратылды", – делінген Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Құбырды қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған. Тұрғын үйлерге су жеткізіледі.