Құрылыс 7 және 9-қабатта шыныпакетпен бірге қисайып кеткен.
ERNUR.KZ. Қостанайда ұйытқи соққан желден кейін әскери қалашық ауданындағы жаңа тоғыз қабатты үйдегі балконның қабырғасы қисайып кеткен, деп жазады Stan.kz.
Құрылыс 7 және 9-қабатта шыныпакетпен бірге қисайып кеткен. Сонымен қатар үйдің сырты да зақымдалған.
Аталған үйдегі "Комфорт" класындағы пәтерлерді тұрғындар 2022 жылдың қаңтарынан бастап ала бастаған.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауылының тұрғындары видео жариялап, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйдің сапасына шағымданған. Сөздерінше, үйдің кірпіштері цементсіз қаланған.