​Қостанайдағы 18 жастағы Дарья Махортованың өлімі: полиция қызметкерлері сотталды

0
1 515

Оқиға болған жерге келген олар, жолдың жан-жағындағы ағаш араларын мұқият қарамаған, ал онда жәбірленушінің денесі жатқан.


​Қостанайдағы 18 жастағы Дарья Махортованың өлімі: полиция қызметкерлері сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай облыстық соты Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ қызметкерлері Алмат Ермақанов пен Руслан Рыжеволовты соттады, оларға қызметін тиісінше орындамағаны салдарынан 18 жастағы Дарья Махортованың өліміне әкеп соқты деген айып тағылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Полицейлер шілденің соңында ұсталды. Облыстық ІІД-нің хабарлауынша, кешке 20 шілдеде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қостанай-Затобольск жолында белгісіз ер адам әйелге қатысты зорлық-зомбылық қолданды деген хабар түскен.

"Оқиға болған жерге келген олар, жолдың жан-жағындағы ағаш араларын мұқият қарамаған, ал онда жәбірленушінің денесі жатқан", - деп хабарлады Ішкі істер департаменті өкілдері.

Полиция қызметкерлері 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Оларды мемлекеттік қызметке 3 жыл бойы орналасу құқығынан айырды. Сотталғандар үкімді апелляцияға беруге құқылы.

Еске сала кетейік, іс-түссіз жоғалған 18 жастағы Затобол ауылының тұрғыны Дарья Махартованың денесі 21 шілдеде Қостанай облысының шетінде табылған. Іс бойынша екі күдікті ұсталды.