Ауйылдан 69 адам эвакуцияланған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарасу ауданында Тінтуір өзені арнасынан асып, Қарамырза ауылындағы 39 үйді су басты, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі 69 адамды эвакуциялаған. Үш жүзден астам үй жануары қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, тасқыннан ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандардың айтуынша, су деңгейі 30 сантиметрге дейін көтерілген. 8 мотопомпаның көмегімен тұрғын үйлерге кірген су сорылып, құрғатылып жатыр. Қазір елді мекенде 7 техника мен 32 адамнан тұратын жеке құрам кезекшілікте тұр.
Ал осы ауданның Ильичев ауылында К-744 тракторы аударылып, ішінде болған төрт адамның үшеуі қаза тапты. Ауыр техника су басқан көтерме жолмен жүріп бара жатып жиегіне құлап, суға батып кеткен.