Қостанайлық теміржолшы пойыз апатының алдын алды

0
1 494

Ол вагонның бүйір рамасына жарықшақ түскенін анықтады.


Қостанайлық теміржолшы пойыз апатының алдын алды

ERNUR.KZ. Қостанай вагондарды пайдалану депосы Құсмұрын станциясының тексерушісі Сергей Потибенко жүк вагонының ақауын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол вагонның бүйір рамасына жарықшақ түскенін анықтады. Вагонның бүйір рамасына түскен жарықшақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айтарлықтай зардаптарға алып келер еді. Салада 30 жылдай жұмыс істеп келе жатқан теміржолшы Сергей Потибенконың айтуынша, оның жұмысы пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

«Тексеру кезінде біз арбалардың «екпініне», рычагтық берілістің сықырлауына ерекше назар аударамыз. Серіппе жинағын, қос дөңгелектің біртегіс сырғуын және өзге де жайттарды бағалаймыз. Тәжірибе арқылы ерекше машық қалыптасады. Біз дыбыс арқылы вагонның техникалық «денсаулығын» анықтай аламыз», - деп атап кетті С.Потибенко.

Жарықшақ пайда болған бүйір рамасы 2013 жылы Кременчуг құрыш құю зауытында әзірленген. Вагон иесі - «Трансфин-М» ЖАҚ.