Ол бірден облыстық ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің студенті үшінші қабаттан құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқыс оқиғаны облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
«18 желтоқсан күні ведомствоға 17 жасар жасөспірімнің үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол бірден облыстық ауруханаға жеткізілді. Оған «иық сүйегінің жабық сынуы» диагнозы қойылды», - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен.
Қазіргі болжам бойынша, жасөспірім абайсызда құлап кеткен.