187 кенші шұғыл эвакуацияланды.
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада түтін шықты, деп жазады ERNUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды.
Оқиға туралы хабар түскен сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі құлақтандыру жүйесі де іске қосылды.
Сағат 19:45-те датчик сигнал беріп, түтіннің жойылуына қарамастан, шахталар мен басқа да горизонттағы 194 кеншіні эвакуациялау және шығару туралы шешім қабылданды.
Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаскі басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды.
Алдын ала себебі - жасанды дененің төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттауы. Бұл конвейер таспасында түтіннің шығуына себеп болды.