Ислам Әбішев Су ресурстары комитетін 2012 жылдан бері басқарып келді.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен босатылды, деп жазады тengrinews.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер басқа мәлімет айтпады. Ислам Әбішев Су ресурстары комитетін 2012 жылдан бері басқарып келді. Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі, ОҚО әкімінің орынбасары, Өскемен әкімі қызметтерін атқарған.