ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

0
643

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.


ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген Қаулыда.

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Ал 2019 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалған еді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Президентке тікелей қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырған болатын.

Кейіннен Қазақстанда жаңадан екі агенттік құрылды.