​ҚР БҒМ балабақша тәрбиешісінің дәрежесін көтеруді көздейді

0
1 199

0-сынып оқулықтарын енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр.


​ҚР БҒМ балабақша тәрбиешісінің дәрежесін көтеруді көздейді

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым, деп жазады BAQ.KZ

Басты мақсат - балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның ішінде, бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігінің (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысуы, сондай-ақ, тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу. 0-сынып оқулықтарын енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр.

"Бүгінде 0-сынып - балабақшадағы даярлық тобы. Егер мектептің өз ғимаратында 0-ші сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. 0-сыныпты енгізу құқығынан балабақшаларды ешкім айырған жоқ. Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектептер мен балабақшаларда 0-сыныптар ашылады. Алайда, қолданыстағы білім туралы Заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгеріс енгізіледі. 2019 жылы 1 қыркүйекте, былтырғыдай, толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ, егер, бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы керектігін ескеруіміз қажет", - деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.