ҚР Премьер-Министрі Сума Чакрабартимен кездесті

0
554

Тараптар экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.


ҚР Премьер-Министрі Сума Чакрабартимен кездесті

Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.