ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады

0
550

Бұл тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған саммит.


ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады

Ертең, 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданатыны күтілуде», деп атап өткен Берік Уәли.