ҚР Президенті тікұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

0
1 253

Қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.


ҚР Президенті тікұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы экипаж мүшелерінің қаза болғанын хабарлап, олардың жақындарына көңіл айтты деп жазады ERNUR.KZ.

"Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 12 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.