Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

0
11 549

Егер сіз қарызы өтелетін борышкерлер тізімінде болсаңыз, біріңғай call​-орталығына хабарласыңыз.


Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

Кредит бойынша қарыздың кешірілетіндердің тізімін Egov.kz электронды үкімет порталындағы «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» деген бөлімнен қарауға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда.
Осы сұрақтарды талқылап, кіші-гірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік.
ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:
✅ -enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;
✅- «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;
✅-Өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.
НЕМЕСЕ:
✅-- 111- біріңғай нөмеріне хабарласу.ТАҒЫ ДА:
✅-egov.kz электронды порталында көруге болады.
ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:
✅- ХҚО-ға барыңыз.
Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге --111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.
Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Дереккөз: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.