Қ.Тоқаев Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету хабын ұйымдастыруды ұсынды

0
570

Ұйымға биыл 20 жыл. Мерейтойлық жиын Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатыр.


Қ.Тоқаев Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету хабын ұйымдастыруды ұсынды
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып жатыр. Ұйымға биыл 20 жыл. Мерейтойлық жиын Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатыр. Саммитте Президент бірқатар бастама көтерді, деп жазады 24.kz.

«Қазақстанның инфрақұрылымы мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, біз Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ұйымның гуманитарлық хабын ұйымдастыруды ұсынамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бұл қадам біздің ұйымның рөлін арттыратынына, сондай-ақ БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметін үйлесімді түрде толықтыратынына сенімді екенін айтты.

«Ауғанстандағы ахуал аймақтағы жағдайды күрт өзгертіп, көптеген елге, ең алдымен көрші мемлекеттерге қауіп-қатер туғызды. Мұндай жағдайда біз жаһандық катаклизмге байсалды түрде дайындалуымыз керек», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


арихтың осы бір маңызды кезеңінде Ауғанстанның көпұлтты халқы бұрын-соңды болмаған сынақтарда жалғыз қалмауы тиіс. Менің ойымша, ШЫҰ өзінің зор ықпалымен осы елде бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуде маңызды рөл атқара алады. Ұжымдық күш-жігердің арқасында ғана біз қазіргі қатерлермен күресте аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан Ауғанстаннан тыс жерлерде деструктивті идеологияның, есірткі мен бақылаусыз көші-қонның алдын алу үшін аймақтағы әріптестерімен өзара әрекетті кеңейтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары туралы көзқарасын жеткізді. Президенттің пайымынша, қазіргі кезеңде аймақтық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті болып тұр", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



"Бұл салада қазірдің өзінде тиісті нәтижелерге қол жеткізілгені қуантады. Мұның айқын дәлелі – бүгін біз бекітетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2022-2024 жылдарға арналған терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы. Сондай-ақ терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын есірткі бизнесімен және есірткі тасымалымен тиімді күресу бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға дайынбыз. Соңғы жылдары киберқауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шықты. ШЫҰ ақпараттық қауіпсіздік орталығын тезірек құрып, шұғыл қажеттіліктерге толық жауап беріп, ұйымның ақпараттық кеңістігін қорғауды күшейтеді. Экономикалық саладағы трансұлттық қылмыс – өзекті мәселе", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.